МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Музыкалық аспапты ұшақ салонында келесі тәсілмен тасымалдауға болады:
Қолжүкті тасымалдау ережелері
Қолжүктің мөлшері, салмағы және саны:
* Осы параметрлерден аспайтын музыкалық аспап қолжүк болып саналады. Ұшақ бортына 1 дана қолжүк кіргізуге рұқсат етілгендіктен жолаушының барлық басқа заттары ақылы түрде багажға тапсырылуы керек.
Егер аспап (қорабын қоса алғанда) қолжүктің өлшемдерінен асып кетсе, жолаушыларға жағдай жасау мақсатында (басқа жолаушылардың қолжүгі үшін жеткілікті орынның болуы) және музыкалық аспаптың зақымданбай орналасуы үшін біз жақын тұрған орынды сатып алу шарттарын ұсынамыз (төмендегі ақпаратқа назар салыңыз). Лоукост компаниялар рейс орындау кезінде өздерінің борттарында жолаушылардың көптігіне байланысты және оларға өз жүктерін кедергісіз орналастыруға мүмкіндік беру үшін қолжүк бойынша қатаң ережелерді қабылдауға мәжбүр. Бұл ережелерді әлемдегі басқа лоукост тасымалдаушылар да қолданады.
Егер аспап белгіленген өлшемнен үлкен болса:
Бұл қызмет музыкалық аспапты ұшақ салонында қосымша бір дана қолжүгі ретінде алып жүруге мүмкіндік береді. Қызмет - ақылы.
Қызмет қолжетімді:
Бұл қызмет бойынша ұшақ бортында тасымалданатын музыкалық аспаптар саны шектеулі:
Музыкалық аспап ұшақ салонында тасымалданады және жүк сөресіне орналастырылады.
Аспаптың өлшемдері мен салмағы келесі өлшемдерден аспауы тиіс:
Қызметті өз бетіңізше рәсімдеуге болады:
Қызметті онлайн немесе біздің байланыс орталығы арқылы рейстің жоспарланған ұшу уақытына 1 сағат қалғанда дейін сатып алуға болады.
Қызметпен жолаушылар тіркеуден келесі тәсілдер арқылы өте алады:
Аспапты бортқа орналастыру жолаушының жауапкершілігінде.
Қаптаманың дұрыс болмауы жағдайында келтірілген залал үшін авиакомпания жауапты емес. Егер өлшем немесе салмақ шектеулері асса, музыкалық аспап тіркелген багаж ретінде рәсімделіп, қосымша ақы алынады.
Компания аспаптың сақталуына жауапты емес.
Жолаушының бастамасымен қызметтен бас тартқан жағдайда, қайтару авиакомпанияның қосымша қызметтерге қайтару шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз: әрбір FlyArystan рейсінің бортында 188 жолаушы болуы мүмкін және жүк сөрелеріндегі орындар шектеулі. Осыған байланысты қолжүктің белгіленген нормаларын сақтау өте маңызды. Біз әрбір жолаушыдан осы талаптарға құрметпен қарауды сұраймыз, олай болмаған жағдайда біз тасымалдаудан бас тартуға мәжбүр боламыз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет! Қосымша ақпарат алу үшін Арнайы қызметтер парақшасына өтіңіз.