• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Жолжүкті брондау

MDN
Тегі(латын әріптерімен)
Брондау нөмірі

Билетіңізге 10 кг-нан бастап тіркелетін жолжүк (багаж) қосып, сапарға қажеттінің бәрін өзіңізбен алыңыз. Тіркелетін жолжүкке қолжүгінде тасымалдауға болмайтын заттарды, мысалы, көлемі 100 мл-ден асатын сұйықтықтар мен металл маникюр құралдарын салуға болады.

Назар аударыңыз! Егер сіз билетті онлайн / тур-агенттіктер арқылы брондаған болсаңыз да, қосымша қызметтерді flyarystan.com сайтынан "Брондауды өзгерту" бөлімшесі арқылы сатып ала аласыз.

iJan терминалдарымен жабдықталған әуежайларда жолаушы жолжүгін осы терминал арқылы өз бетімен тіркеп (бейне-нұсқаулық, жолжүкті/багажды тіркеу және тапсыру бойынша қосымша нұсқаулық), FlyArystan "Жолжүкті қабылдау" бағанында ішкі рейстерге ұшуға 40 минуттан кешіктірмей тапсыруы тиіс. Халықаралық рейстерге жолжүгі тіркеу бағанында тіркеліп, 60 минуттан кешіктірмей тапсырылады.

Жолжүкті тасымалдау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мұнда таба аласыз.

* Қызметті рейс ұшқанға дейін 5 күннен кешіктірмей -70% жеңілдікпен қосу тиімді. Ұшу уақыты неғұрлым аз болса, соғұрлым қосымша қызмет қымбатқа түседі. Сіздің бағдарыңыз бойынша "Жолжүк" қызметінің құнын мына жерде анықтаңыз.

** Тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы ақпарат, сондай-ақ жолжүкке қойылатын басқа да талаптар осында.