• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Ozgert_banner kz_2000x580px

Билет сатып алу

Рейс күні

calendar

Ozgert-пен саяхатты жоспарлау әлдеқайда тиімді!

Ozgert-ті сатып алу − айыппұлсыз қайта брондау мүмкіндігін береді.

Сапарыңыздың күндеріне сенімді емессіз бе? Енді саяхаттарыңызды еш күмәнсіз жоспарлай аласыз! Билеттерді Ozgert қызметімен бірге алдын ала сатып алыңыз. Бұл қызмет ұшу күндерін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді.

*Қызмет енді халықаралық рейстерге де қолжетімді

Қызметті қолдану шарттары:

        Өзгерт қызметі

  • Қызмет "Икемді" тарифінің барлық топтамалары және "Үнемді" тарифінің Комфорт Плюс топтамасы үшін қолжетімсіз (аталған топтамаларда бұл қызмет түрі қамтылған).
  • Ozgert қызметін жолаушылардың әрқайсысына және рейстердің әрқайсысына бөлек қосуға болады.
  • Ozgert 1 рет айыппұлсыз қайта брондау мүмкіндігін береді, алайда қайта таңдалған тарифтің құны ескеріледі (тарифтер арасындағы айырмашылық болған жағдайда қосымша ақы алынады).
  • Ozgert арқылы рейс бағытын немесе жолаушының атын өзгертуге болмайды.
  • Жолаушы Ozgert қызметін ішкі рейстерде ұшу уақытына кемінде 2 сағат қалғанда, халықаралық рейстерде кемінде 3 сағат қалғанда сатып алып, пайдалана алады.
  • Топтық брондаулар үшін Ozgert қызметі қолжетімсіз. 
  • Ozgert қайтарылмайтын қызмет. Ozgert үшін төленген сома рейс кестесінің мәжбүрлі өзгеруіне/қайтарымына байланысты жолаушы өздігінен қайта брондау жасаған жағдайда ғана қайтарылады.

Қызмет бағасымен сілтеме арқылы өтіп, танысыңыз https://flyarystan.com/kk/services-and-fees.