• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Ұшуға онлайн тіркелу

Тегі(латын әріптерімен)
Брондау нөмірі

Онлайн тіркеу жоспарланған ұшу уақытынан 30 күн (Қытайға/дан, Бішкекке/тен ұшатын рейстерге 10 күн) бұрын ашылып, Қазақстан бойынша ішкі рейстерге жоспарланған ұшу уақытынан 40 минут бұрын және халықаралық рейстерге 60 минут бұрын жабылады. Сіз онлайн-тіркеуден тек біздің сайтымызда немесе мобильді қосымшамызда өте аласыз.

Әуежайда рейске тіркелу, iJan терминалдарын қоса алғанда, ақылы қызмет болып табылады. Ал онлайн тіркелу – әрқашан тегін. Рейске тіркелу және ұшаққа отырғызу ережелері мына жерде.

Планетаны сақтайық! Қағаз қалдықтарын азайтуға көмектесіңіз! Тегін онлайн тіркеуден өткеннен кейін электрондық отырғызу талонының түпнұсқасын (QR коды бар) телефоныңызға сақтаңыз. Оны тексеру кезінде әуежай қызметкерлеріне және отырғызу кезінде әуекомпания агенттеріне телефоныңыздан көрсету жеткілікті. Ijan терминалдары арқылы отырғызу талонын басып шығару - ақылы. Толығырақ мына парақшада "Отырғызу талоны" бөлімінде таба аласыз.

Онлайн тіркеуді кім қолдана алады?

Онлайн-тіркелу төмендегі жолаушы санаттарынан басқа барлық жолаушылар үшін қолжетімді:

  • FlyArystan чартер рейстерінің жолаушылары;
  • қосымша орын сатып алған жолаушылар;
  • 16 жасқа дейінгі жетелеушісі жоқ балалар әуежайда тегін тіркеледі.

Келесі санаттағы жолаушылар рейске онлайн тіркеле алады, алайда отырғызу талонын алу үшін әуежайдағы тіркеу бағанына келулері тиіс:

  • электрлік мүгедектер арбасындағы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар;
  • жануарларды тасымалдау қызметін сатып алған жолаушылар;
  • қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тасымалдаушы жолаушылар;
  • халықаралық рейс жолаушылары.

Егер жоспарлар өзгерген болса

Тіркеуді жойғаннан кейін билетті қайтаруға болады немесе ұшу күнін тариф шарттарына сәйкес өзгертуге болады (тариф шарттарына сілтеме).

Егер мен жолжүкпен сапар шексем, мобильді отырғызу талонымен ұшаққа отырғызу аймағына тікелей бара аламын ба?

Сапарға жолжүкпен шықсаңыз, оны әуежайда алдымен тіркеп, арнайы бағанда тапсыруыңыз қажет. 

Қазақстан бойынша ішкі рейстер үшін:
жолаушы жолжүкті iJan терминалы арқылы өзі тіркеп, оны FlyArystan "Жолжүкті ресімдеу" бағанында кесте бойынша ұшу уақытына дейін 40 минуттан кешіктірмей тапсырады.

Халықаралық рейстер үшін:
жолжүк FlyArystan тіркеу бағанында рейстің ұшуына 60 минуттан кешіктірмей тіркеледі және тапсырылады.

Мен онлайн тіркелдім, бірақ отырғызу талонын басып шығара алмаймын және сақтай алмаймын, не істеуім керек?

Егер сіз онлайн тіркелген болсаңыз, бірақ қандай да бір себептерге байланысты отырғызу талоныңызды сақтай / басып шығара алмасаңыз, отырғызу талонын әуежайда ijan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы (киоскі) арқылы басып шығара аласыз.

Талонды сіздің рейсіңізге тіркеу аяқталғанға дейін басып шығаруыңыз қажет — ұшу уақытына 40 минуттан кешіктірмей.

Отырғызу талонысыз жолаушы рейске қабылданбайды, ал билет жойылады.

iJan арқылы отырғызу талонын басып шығару қызметі тек ішкі рейстерге қолжетімді. Қызмет ақысы: 500 теңге. Толығырақ.

*Халықаралық рейстерге отырғызу талондары саяхаттауға қажетті құжаттарды тексергеннен кейін әуежайдағы тіркеу бағанында тегін беріледі.

Онлайн-тіркеу барысында жүйе төлемді талап етуде, бұл қызмет ақылы ма?

Желіде Онлай-тіркеу кезінде жүйе автоматты түрде орындарды кездейсоқ тәртіпте тағайындайды. Егер сіз тағайындалған орынды ауыстырғыңыз келсе, таңдаған қатарға байланысты төлем жасауыңыз керек.