• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек

Тарифтік топтама

Стандарт топтамадағы FlyArystan әуебилеті салмағы 5 кг-ға* дейін және өлшемдері 56x23x36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгін және тіркеу кезінде автоматты түрде тағайдалатын ұшақ салонындағы кездейсоқ орынды қамтиды.

2026 жылдың 1 наурызынан бастап FlyArystan әуе бортына тегін 5 кг қолжүк орнына 7 кг қолжүк алып кіруге рұқсат берілетін болады. Қолжүк өлшемдері өзгеріссіз 56 × 23 × 36 см болуы тиіс және бір жолаушыға бір дана қолжүк қана рұқсат.

60%-ға дейін үнемдеңіз! Билетті брондау кезінде, «Комфорт» немесе «Комфорт Плюс» тарифтік топтамаларына назар аударыңыз, осылайша сіз әуебилетті бірден 20 немесе 32 кг жолжүгімен және өзіңізге ыңғайлы қатардағы (сатып алынған топтамаға байланысты, төмендегі кестені қараңыз) орынды таңдауға мүмкіндік беретін «орын таңдау» қызметімен бірге сатып ала аласыз.

*1 наурыздан бастап тегін қолжүк салмағы 7 кг.

Тарифтер, билеттерді сатып алу, төлемдер және т.б. туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына жерден табуға болады.

 

Тарифтік топтаманы қалай таңдайды?

Тарифтік топтамаларды көру үшін рейсті таңдаңыз. Талаптарыңызға сай келетінін таңдап, брондауды жалғастырыңыз.

Тарифтік топтаманы таңдау