Алматы
Ыстықкөлдің көркем жағасында демалып, тынығып алғаннан кейін, саяхатшылар үйге оралудың ең қолайлы жолын іздейді. Ыстықкөлден Алматыға ұшақ билеттері — жолда артық уақыт жоғалтқысы келмейтін және демалыстың соңын асықпай, жайлы аяқтағысы келетіндер үшін ең тиімді шешім. Бұл әсіресе Алматы тұрғындары үшін маңызды — олар үшін тікелей рейстердің жайлылығы, жылдамдығы және сенімділігі басты артықшылық.
FlyArystan Алматы мен Ыстықкөл арасында ыңғайлы кестемен тікелей әрі жайлы рейстерді орындайды. «Қолжетімді тариф күнтізбесі» функциясы арқылы әр жолаушы өзіне тиімді баға мен ұшу күнін оңай таңдай алады.
Тікелей рейстер 3 шілдеден тамыз айының соңына дейін аптасына екі рет орындалады: бейсенбі күні 18:00-те және жексенбі күні 16:10-да. Бұл кесте демалыс аптасына немесе қысқа уикендке тамаша сәйкес келеді.
Ұшақтар Ыстықкөл курорттық аймағына қызмет көрсететін Тамчы әуежайынан ұшады.
Тікелей рейстер әсіресе баламен саяхаттайтын отбасыларға, жүгі аз адамдарға, немесе жұмысқа жылдам оралу керек жолаушыларға ыңғайлы.
Ыстықкөлге ұшу — халықаралық рейс, сондықтан мыналарды есте сақтаған жөн:
FlyArystan — Орталық Азиядағы ең сенімді лоукостерлердің бірі. Біз ұсынамыз:
Алматы – Ыстықкөл – Алматы бағытындағы рейс кестесін қайдан көруге болады?
Ресми FlyArystan сайтынан немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Сол жерде билетті сатып алу, броньды басқару, қосымша қызметтерді қосу немесе ең өзекті ақпаратты тексеру де оңай.
Алматы мен Қырғызстан арасында уақыт айырмашылғы бар ма?
Иә, Қырғызстан уақыты Алматыдан 1 сағат алда.
Қазақстаннан халықаралық рейске онлайн тіркелуге бола ма?
Иә, FlyArystan сайтында немесе қосымшада тегін онлайн тіркелу бар. Ол ұшуға 30 күн қалғанда ашылып, ұшардан 60 минут бұрын жабылады.
Алматы–Ыстықкөл–Алматы билеттері — жайлы, жылдам және тиімді демалыстың кілті. FlyArystan сізге ең қолайлы қызметтермен, қолжетімді бағамен және жақсы көңіл-күймен сапар сыйлайды!