МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Қызылорда
FlyArystan лоукостерінен тікелей рейске әуебилеттер сатып алу Астана – Қызылорда қалалары арасындағы километрлерді еңсерудің ең жақсы шешімі болады. Біздің клиенттеріміз – саяхат үшін бар ақшасын шығарғысы келмейтін, сонымен бірге борттағы жайлылық пен сервистен бас тартуға дайын емес туристер мен кәсіпкерлер, студенттер мен отбасылар. Бұған қоса біз жолаушыларымыздың уақытын бағалай білеміз: кешкі ұшудың ұзақтығы бар болғаны бір жарым сағат уақытты алады. Салыстыратын болсақ, осы жолды пойызбен жүріп өту үшін кемінде бір жарым күніңіз кетеді.
Сізге компьютер, смартфон немесе интернетке шығатын кез келген басқа девайс, сондай-ақ бір-екі минут бос уақытыңыз қажет болады. Астана – Қызылорда әуебилеттерін сатып алу үшін, сайттың басты бетіндегі «Рейс» қойындысына өтіп, міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдарға жарамды деректерді (сапар күндерін, жолаушылар санын, ұшып шығу және қону қалаларын) енгізіңіз де, «Іздеу» түймесін басыңыз. Жүйе бар ұшақ билеттерінің ең тиімді нұсқаларын ұсынады. Қайту билеттерін де ұмытпаңыз: осы бағытқа деген сұраныс үлкен болғандықтан, кейін керек күнге билеттер болмауы мүмкін.
FlyArystan компаниясымен бірге Астана – Қызылорда әуебилеттері бағасына өзіңіз әсер ете аласыз. Біздің ең көп қолданылатын әрі сұранысқа ие қызметтерді қамтитын бірнеше тарифтік пакетіміз бар:
Назар аударыңыз: пакеттегі қосымша қызметтер, бөлек сатып алғанға қарағанда, арзанырақ түседі. Қызметтерді жеке-жеке емес, пакетпен сатып алғанда, қаражатыңыздың 10–60 %-ын үнемдейсіз. Олардың шарттары мен бағалары туралы толық мәліметті рейсті таңдағаннан кейін сайттан көруге болады.
Жеке көлікпен қатар, әуежайға қоғамдық көлікпен немесе таксимен жетуге болады. Шығатын жеріңізге байланысты таксиге шамамен 1400–2500 теңге жұмсайсыз. Нақты бағасын оператордан телефон арқылы білуге болады.
Автобус жолақысы шамамен 90–180 теңгені құрайды. Әуежайға баратын 3 бағдар бар: № 10, № 12 және № 100. Өз жұмысын автобустар сағат 22:00–22:30-да аяқтайды, ал әуежайда ұшуға дейін бірнеше сағат бұрын болу керек екенін ескере отырып, сіз кешікпей, уақытылы жетесіз.