• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Кутаиси

Алматы — Кутаиси бағытына арзан әуебилеттер | Грузияға

FlyArystan-мен тікелей ұшыңыз

Грузияға арзан билет іздеудесіз бе? FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Кутаисиге қолжетімді бағаға тікелей рейстер ұсынады. Рейстер сейсенбі және сенбі күндері заманауи әрі жайлы Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Кутаиси: ерекшеліктері мен көрікті жерлері

Кутаиси — тарихы 2500 жылдан асатын ежелгі қала. Давид Құрылысшы атындағы халықаралық әуежай қаладан небәрі бірнеше шақырым жерде орналасқан. Мұнда келген соң Тбилиси, Батуми және басқа да бағыттарға оңай жетуге болады.

Алматы – Кутаиси рейстеріне билеттер әдетте қолжетімді бағада, сондықтан Кутаиси — Грузияны аралаудың тамаша бастауы. Көрнекті орындар: Баграти соборы (ЮНЕСКО), Гелати монастыры, Прометей үңгірлері, Мартвили шатқалдары.

"Бүкіл әлем" қызметіміздің көмегімен Алматыдан Еуропаның қалаларына Кутаиси арқылы саяхаттаңыз!

Kiwi

Дианамен бірге Грузияға Low-cost саяхат

Сүйкімді Дианамызның "Low-cost Travel" айдарынан нұсқаулық бейнесін тамашалап, өзіңіздің жоспарыңызға Грузияда баруға қызықты жерлерді қосыңыз.

Неліктен FlyArystan-ды таңдау керек

FlyArystan — сапарға барынша үнемді жолмен шығуға дайын жолаушылар үшін тамаша таңдау:

  • Төмен бағалар. Қазақстан ішінде және қысқа халықаралық бағыттар бойынша ең арзан билеттер, әсіресе жүксіз сатып алғанда;
  • Заманауи және жаңа ұшақтар. Компания жайлы әрі жаңа Airbus A320/neo ұшақтарын пайдаланады;
  • Тек қажет қызметтерді таңдау мүмкіндігі. Қолжүгін +5 кг-ға арттыру, тіркелетін жүкті 10 кг-нан бастап қосу, алдын ала тамаққа тапсырыс беру, орын таңдау, спорттық жабдықтарды (велосипед, гольф жиынтығы, шаңғы, сноуборд және т.б.) немесе музыкалық аспаптарды тасымалдау, арнайы қызметтерге (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, еріп жүрушісіз балалар, үй жануары бар жолаушылар және т.б.) сұраныс жасау мүмкіндігі бар;
  • Балалармен және сәбилермен саяхаттауға ыңғайлы;
  • Бағыттар. Қазақстан бойынша кең бағдар желісі, сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Қытай, Грузия елдеріне рейстер орындалады;
  • ТМД елдеріндегі лоукостерлер үздігі. FlyArystan 2023–2025 жылдары Skytrax тарапынан «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік лоукостер» атағына ие болды;
  • Сенімділік. Техникалық қызмет көрсетуді Қазақстандағы жетекші әуекомпанияларының бірі — Air Astana тобының инженерлері орындайды. FlyArystan — Air Astana-ның еншілес компаниясы ретінде әр рейс кезеңінде жоғары қауіпсіздік және сенімділік стандарттарын сақтайды.

Сіз Алматыдан Кутаисиге ең арзан әуебилеттерге Flyarystan ресми сайтына кіріп немесе iOS және Android үшін мобильді қосымшаны пайдалана отырып, делдалдарсыз және артық төлемсіз тапсырыс бере аласыз. 

Cілтеме арқылы Грузияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.

Сатып алу

Рейс күні

calendar