МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Ыстамбұл
Ақтау (SCO) - Ыстамбұл (IST) тікелей рейстеріне билетті ұтымды бағаға алыңыз. Рейстер жайлы Airbus A320 ұшағымен сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, ал 2025 ж. 17 маусымнан бастап қосымша 4ші жиілікпен сейсенбі күндері орындалады. Билеттер 2026 ж. 30 сәуіріне дейін ұшатын рейстерге қолжетімді.
Сатылым! Ақтау-Ыстамбұл 35,000 теңгеден ($70) бастап, Ыстамбұл - Ақтау 36,000 теңгеден ($72) бастап, сатып аламыз: 2025 ж. 29 мамыр сағат 23:59-ға дейін, саяхаттаймыз: 2025 ж. 1 маусым - 30 қараша аралығында. Мүмкіндікті пайдаланып, Түркия немесе Еуропа қалаларына саяхаттау үшін Ақтау - Ыстамбұл арқылы түйісетін аялдамалы рейстерді Бүкіл әлем - www.flyarystan.kiwi.com қызметі арқылы брондаңыз: Салонники, Будапешт, Лондон, Вена, Берлин, Прага, Варшава, Кишинёв, Мальта және басқа қалаларға билет небәрі $100 бастап. Ұтымды бағаға ұстап үлгеріңіз!
FlyArystan теңізді Ақтауды тарихи Ыстамбұлмен байланыстырады. Ақтау – Ыстамбұл билеттерін брондап сіз 3,5 сағатта 1840 шақырымды өтіп, көне мегаполисті өзіңізге аша аласыз.
Ыстамбұл – әлемдегі ең үлкен және ең көне қалалардың бірі болып табылады. Бұл бұрынғы Константинополь, мемлекеттің тарихи-мәдени орталығы, Византия империясының астанасы. Ол Босфор бұғазының жағасында орналасқан, Еуропа мен Азияны байланыстырады, Мәрмәр теңізі мен Қара теңізбен қоршалған. Ыстамбұлда әртүрлі мәдениеттерден жиналып 15 миллион адам тұрады, бұл қаланы әлемдегі халқы ең көп және әртүрлі қалалардың біріне айналдырады.
Ақтау – Ыстамбұл ұшағымен ұшып келіп, сіз азия мен еуропа мәдениеттерінің араласуын, көне көрікті жерлерін көріп, түрік асханасының жарқын дәмін татып, арзан шопингке бара аласыз.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Ыстамбұлға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
FlyArystan - Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana-ның еншілес кәсіпорны болып табыламыз. Біз техникалық қолдауды, қауіпсіздік қолдауды, оқытуды, жүйелер мен қызметтерді Air Astana авиакомпаниясынан аламыз.
Біз өз қызметімізді 2019 жылдың мамыр айынан жүргіземіз. Бүгін Алматыда, Астанада, Атырауда, Ақтауда және Шымкентте Airbus A320 CEO мен NEO ұшақтарының заманауи парктерінде негізделген қазақстандық және шетелдік арзан бағалы желістерін басқарамыз.
Жолаушылар максималды жайлылықты тиімді бағамен алады да, бізбен ұшудың келесі артықшылықтарын атап өтеді: төмен тарифтер, заманауи ыңғайлы ұшақтар, қосымша қызметтердің кең тандауы.
Ақтау – Ыстамбұл билеттерінің бағасын білу және оларды базалық баға бойынша брондау үшін смартфонға арналған FlyArystan қосымшасын немесе ресми сайтты пайдалануды ұсынамыз. Лоукост авиакомпаниялармен саяхаттағанда сіз қажетті қызметтердің барлық тізімін таңдау арқылы саяхатыңызды арзанырақ етесіз: багажды тасымалдау, борттағы тамақтану, орынды таңдау және т.б.
Әуе билеттерді екі жаққа және алдын ала брондасаңыз, саяхатыңыз одан да тиімді болады.
Халықаралық рейстер Ыстамбұл Халықаралық әуежайына (IST) келеді, оны Жаңа Ыстамбұл әуежайы деп те атайды. Ыстамбұл орталығына метро, автобус, такси немесе жалға алынған көлікпен жете аласыз.
Билетті брондау үшін iOS-ке арналған FlyArystan мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: https://clck.ru/WxvbZ және Android-ке арналған қосымша: https://clck.ru/Wxvi4
Cілтеме арқылы Түркияға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.